Әлем бойынша жеткізу

11 900

1 том: Француздың әйгілі жазушысы Виктор Гюгоның «Аласталғандар» атты көлемді роман-эпопеясындағы басқа туындыларындағы сияқты бас кейіпкерлердің қақтығысы мейірімділік пен зұлымдық арасындағы күрестің романтикалық идеясымен жалғасып, әлеуметтік мәселелер этикалық тәртіппен үйлесім табады. Жан дүниесінде Құдайды қастерлеуден басқа ісі жоқ епископ Мириэль мен қоғамдық өмірде тек заң мен әділдікті бәрінен жоғары қоятын полиция Жавердің ұстанымдары мен іс-әрекеттері бас кейіпкер Жан Вальжанның тағдырымен сыналады. Мейірімділік заңы мен қатаң құқықтық ұстанымның арасындағы текетірес немен бітеді екен?

2 том:«Аласталғандар» романының екінші томы – адам жанын түршіктірер күрес пен рух тазалығының үндестігі. Париждің бір шетінде пәк сезім бүр жарып, Мариус пен Козеттаның арасындағы махаббат – нәзік, үнсіз, жан тербетер үйлесімділікке айналады. Бірақ дәл осы махаббат баррикаданың от-жалынына, оқ пен қанға ұласады. Сен-Дени көшесінде үміт пен өлім бетпе-бет келеді. Жан Вальжанның ішкі әлемі тұңғиыққа бойлап, адамның нағыз ұлылығы өзгені сүюде, кешіруде, үнсіз жанқиярлықта екенін паш етеді. Бұл туынды – француз төңкерісінің көлеңкесінде өрбіген ұлы трагедия. Гюго оқырманын тек оқиғаға емес, өз адами болмысына үңілуге шақырады. Біз кекке сенеміз бе, әлде кешірімге ме? Адам кім – тағдыр құрбаны ма, әлде оның өзгерісіне себепкер ме?

SHARE

Сипаттамасы

1 том: «Аласталғандар» әлем әдебиетінің классигі Виктор Гюгоның бірнеше рет фильм болып түсірілген, мюзиклға негіз болған әйгілі романы.

Француз жазушысы бұл туындысында бүкіл қоғам үшін ең маңызды тақырыптарды ашады. Билік пен махаббат күші, қатыгездік пен адамгершілік, кедейлердің қорлануы және байлардың азабы.  Кітапта бұрын істі болған Жан Вальжанның, оның артына түскен полиция Жавердің, жас Козетта мен Мариустың қиын өмір жолы, сондай-ақ Париж қоғамының ең түбінде қалған Эпонин мен Гавроштың қиын тағдыры суреттеледі. Париждің қылмыстық әлемі мен полиция арасындағы қарама-қайшылықтар, саяси партиялар арасындағы даулар, діни заңдар мен шіркеу жүйесі – ХІХ ғасырдың басындағы француз қоғамының тамаша көрінісі толығымен осы томда бейнеленген.

Роман жарқын, есте қаларлық кейіпкерлермен, романтикамен, шиеленісті және қызықты сюжетімен ерекшеленеді.

2 том: Қайталанбас қаламгер Гюгоның «Аласталғандар» романы – адамдық пен рухани жаңаруды, кешірімнің мәнін ұғындырады. Бұл томда Козетта мен Мариустың махаббаты, Париждегі көтеріліс және Жан Вальжанның ерлігі арқылы автор мейірімділік, кешірім және азаттық үшін күрес тақырыптарын ерекше өрбітеді. Оның Мариусты құтқаруы мен Жавердің ішкі қақтығысы оқырманды адам жанының күрделі табиғатын түсінуге жетелейді. Ақырында бас кейіпкердің өмірден өтуі оның рухани жеңісін айшықтайды.

Туынды мейірімділік пен әділдіктің парқын ұғынғысы келетін барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST