Әлем бойынша жеткізу

Әкелер мен балалар, Иван Тургенев

2 700

Жастар үлкендерді түсінбей ме, әлде, керісінше, үлкендер жастардың жан дүниесін түсінуге тырыспай ма? Осы сұрақ бәріміздің өмірімізде кездескен шығар… Қолдарыңыздағы романның басты тақырыбы осы. «Әкелер мен балалар» — ұлы жазушы Тургеневтің ең әйгілі шығармасы.

Романның тілі де, мазмұны да күрделі емес. Оқуын бітіріп, қасына досы Базаровты ертіп, Аркадий Кирсанов қарашаңыраққа келеді. Әкесі Николай Кирсанов оларды құрақ ұшып қарсы алып, ерекше ілтипатпен күтеді. Алайда оқыған жастар өздерін өзгелерден жоғары ұстайды екен. Әлбетте, оған бола үлкендердің махаббаты кішірейіп қалмайтын болар?! Бұл оқиғаның басы ғана. Классиканы біреулерден мың рет естісеңіз де, бір рет өзіңіз оқығанға жетпейді. Романда сүйіспеншілік те, қызғаныш та, өмірлік тәжірибе мен жастық бұлқыныс та бар.

SHARE

Сипаттамасы

И.С. Тургенев – қоғамның тынысы мен адам жанын көркем прозада аса нәзік иірімдер арқылы бере білген ұлы жазушы, әлем әдебиетінің классигі. Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романы ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрсе де, шығармадағы әке мен бала арасындағы дүниетанымдық қайшылықтар әдебиеттегі мәңгілік тақырыпқа айналды.

Кітап әлем классикасын сүйіп оқитын барша оқырмандарға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST