Әлем бойынша жеткізу

Үш аю

1 700

Хайуанаттар жайлы ертегілер адамзат баласының көне дәуірлерден қалыптасып келе жатқан таным-түсінігінен, көркемдік ойлау жүйесінен хабар береді. Қолдарыңыздағы жинақта адами мінез-құлықтарды тұспалдап бейнелейтін, тартысты оқиғаларға толы хайуанаттар жайлы ертегілер берілген.

SHARE

Сипаттамасы

Хайуанаттар жайлы ертегілер ерте замандардан бастау алады. Мұндай ертегілердің алғашқы үлгілерінде адамзаттың хайуанаттармен бірге етене араласқан өмірі мен аңшылыққа байланысты сюжеттері кездессе, уақыт өте толыса отырып, адамдардың мінез-құлқын, болмыс-бітімін аллегориялық тәсіл арқылы жануарлар бейнесімен беру деңгейіне дейін түрленді.

Жинаққа енген хайуанаттар жайлы ертегілер қазақ фольклорының ертеден келе жатқан озық үлгілері топтастырылған «Бабалар сөзі» жүзтомдық сериясынан алынды.

Кітап бүлдіршіндер мен барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST