Әлем бойынша жеткізу

Құланның ажалы, Ақан Нұрманов

2 400

«Құланның ажалы» романы алғаш жарық көргенде, оқырмандар арасында: «Мынау баяғы Кейкі батыр ғой» деген әңгіме жүрген. Расында, басты қаһарман Құланның прототипі атақты Кейкі батыр екенін зерттеушілер де мойындайды. Жазушы Ақан Нұрманов аңыз кейіпкер Кейкінің тағдырын заман шындығымен астастыра отырып, көркемдік шешім ұсынған. Шығармада ұлт-азаттық көтерілістен кейінгі ел ішіндегі әділетсіздіктерге, шолақ белсенділердің оспадар әрекеттеріне шыдамай, ақыры қуғынға түсіп, өмірінің соңына дейін ен далада жалғыз жортқан батырдың тағдыры баяндалады.

Романда ел мен ер тағдыры, аңшылық пен далалық өмірдің қыр-сыры шынайы бейнеленген. Жалғыз адамның түздегі өмірінің ерекшелігін, тұмса табиғаттың таңғажайып көріністерін көкейге қондыра суреттеуі оқырманды тәнті етеді.

SHARE

Сипаттамасы

Жазушы Ақан Нұрманов бұл шығармасында құралайды көзге атқан мерген, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің күрескері – Кейкі батырдың көркем бейнесін сомдаған. Роман аумалы-төкпелі заманның қамытын кигісі келмеген өр рухты батыр образын қайта тірілтеді. Сонымен қатар сындарлы кезеңдерді бастан кешкен ел тағдырын шебер суреттейді.

Кітап барша әдебиет сүйер қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST