Әлем бойынша жеткізу

Қыпшақ аруы, Мұхтар Мағауин

2 100

Романның негізгі өзегі – мүсінші Саржан Көбековтің рухани өсу жолы мен өзін-өзі іздеу процесі. Советтік  кезеңде еуропалық біліммен сусындап, идеологиялық мүсіндер жасаған ол өз еңбегіне көңілі толмай, ішкі дағдарысқа тап болады. Ұлттық мәдениетке терең бойлай алмаған Саржанға бағыт беретін кейіпкер – Жазушы. Ол мүсіншіге қыпшақ бәдіз өнерін көрсетіп, ұлттық тамырға апарар төте жол ашады…

SHARE

Сипаттамасы

«Қыпшақ аруы» – Мұхтар Мағауиннің ұлт руханияты мен өнерінің терең қатпарларын арқау еткен романы. Автор туындыда ХІ-ХХІ ғасырлар арасындағы мыңжылдықты қамти отырып, қазақ мүсін өнері мен суреткер болмысының күрделі эволюциясын көрсетеді.

Шығармада кеңестік жүйенің тапсырыстарын орындап, атаққа жеткенімен рухани дағдарысқа ұшыраған Саржан есімді мүсінші бейнесі арқылы өнер мен ұлттық сана, өткен мен бүгіннің байланысы кеңінен қозғалады. Уақыт пен кеңістік шегінен асып, Қыпшақ дәуіріне сапар шеккен кейіпкер өз түп-тамыры мен шынайы өнер миссиясын қайта табады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST