Сипаттамасы

Кез келген ұлттың тарихы ең алдымен сол халықтың әдебиетінде көрініс табады. Қазіргі қазақ әдебиетінде рухани дамуға, мәдени өркениетке және ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен елеулі үлес қосқан қаламгерлердің бірі – Төлен Әбдік. Жазушының «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» хикаяты – әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты, үлкендердің ақылы мен жастардың қателіктері, қоғамдағы моральдық-этикалық құндылықтардың мәніне үңіледі. Автордың қай туындысын алып қарасаңыз да, басты тақырып ретінде адамзаттың рухани мәселесі көтерілетінін байқайсыз, бұған жазушының осы кітапта берілген «Оралу», «Ақиқат» повестері дәлел бола алады.
Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналған.

