Сипаттамасы
Бұл романға кезінде көптеген елдерде тыйым салынған. Жазушының өзі «ХІХ ғасырдың хроникасы» деп анықтама берген бұл шығармада ұлы революциядан кейінгі тұтас француз қоғамының бейнесімен танысасыз. Романның басты кейіпкері қара шаруадан шыққан балташының баласы Жюльен Сорель әлеуметтік ортадан лайықты орын алуға тырысады. Буржуазия мен ақсүйектердің озбырлығына жан-тәнімен қарсы болып, қасарысқан дұшпандыққа тап болады.
Шығарма қоғам өмірінің алуан құбылысын шынайы суреттеуімен оқырманды баурап алады.
Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

