Әлем бойынша жеткізу

Қош бол, Гүлсары!, Шыңғыс Айтматов

2 700

Бағзы тұрмыспен, көшпелі адамға ғана тән салт-санамен қош айтысу ХХ ғасыр жазушыларының еншісіне бұйырыпты. Бала күнінде ескі өмірді көріп өскен қаламгерлер кейін де сол дәуірді шығармалары арқылы жоқтай білді. Ол жоқтау кейде атқа, кейде тазы итке, кейде тіпті қасқырға, кей жағдайда атақонысқа арналды. Мұхтар Әуезовтің «Көксерегі», Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Атақонысы», Мұхтар Мағауин жазған «Тазының өлімі» – әрбір дерлік қазақ жазушысынан табылатын сәйгүлік туралы шығармалар сол ұлы жоқтаулардың қатарына кіреді. Бауырлас қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов жазған, Шерхан Мұртаза иін қандырып аударған «Қош бол, Гүлсары!» сол шығармалардың арасынан ойып тұрып орын алуға лайықты.

SHARE

Сипаттамасы

Адам мен жылқының тіршілігін сабақтастыра суреттеген «Қош бол, Гүлсары!» повесі Шыңғыс Айтматовты жаңа қырынан көрсеткен-ді. Қарапайым шаруа, тірлігінде биікке ұмтылып көрмеген Танабайдың өмірі мен оның серігі – Гүлсарының бүкіл тіршілігінің көркем суретін жасай отырып, жазушы өз ұлтының ерекшелігін, болмысын күллі әлемге таныта алды. Тіпті адам мен жылқы арасында нәзік байланыс бар екенін дәлелдегендей де.

Адам мен жылқының тағдыры, жан ауруы арқау болған бұл повесті оқи отырып, бір туған қазақ-қырғыз жұртының дәл осы жануарды бекерден-бекер қастер тұтпайтынын ұғынасыз.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST