Әлем бойынша жеткізу

Қошқар мен теке

1 700

Ертегі – халық сөзінің даналыққа құрылған ең көне әрі көркем түрі. Ертегінің бойында ғибрат пен тәрбие, қиял мен эстетика қатар жүреді. Жастайынан ертегі оқып не тыңдап өскен бала қиялы жүйрік, сұлулыққа құштар, ақ пен қараны ажырата білетін өнегелі болып ержетеді.

Қолдарыңыздағы жинақта хайуанаттар жайлы ертегілер берілген. Мазмұнында ұлттық, түркілік, халықаралық сюжеттер көптеп кездеседі.

SHARE

Сипаттамасы

Хайуанаттар жайлы ертегілер адамзат баласының көне дәуірлерден қалыптасып келе жатқан таным-түсінігінен, көркемдік ойлау жүйесінен хабар береді. Қолдарыңыздағы жинақта адами мінез-құлықтарды тұспалдап бейнелейтін, тартысты оқиғаларға толы хайуанаттар жайлы ертегілер берілген. Кітапқа енген ертегілер 100 томдық «Бабалар сөзі» сериясының 73-томынан алынды.

Кітап бүлдіршіндер мен барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST