Әлем бойынша жеткізу

Қасқыр мен түлкі

1 700

Ертегі тыңдау арқылы балалар қоршаған ортаны тануды, оқиғаларды дұрыс түсінуді, талдай білуді және қиын жағдайлардан шығудың жолын іздеуді үйренеді. Жануарлар туралы ертегілер бір мәселенің шешімін әдеттегі жолмен емес, ерекше әрі тиімді жолмен табу дағдысын қалыптастырады. Ертегіде міндетті түрде жомарттық пен сараңдық, жақсылық пен жамандық, жалғыздық пен достық секілді бала үшін маңызды тақырыптардың бірі қозғалады. Тыңдаушыға ғибратпен бірге эстетикалық ләззат беретін ертегілер адам баласының қиялын, мінез-құлқын, таным-талғамын тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.

SHARE

Сипаттамасы

Қолыңыздағы жинаққа 100 томдық «Бабалар сөзі» сериясына енген жануарлар туралы классикалық ертегілер топтастырылған. Бұл ертегілер баланың қиялын ұштап, танымын кеңейтіп, құндылықтарды таразылай білуге үйретеді. Кітапта берілген ертегілер желісі бойынша салынған суреттердің де біздің кішкентай оқырмандарымыз үшін пайдасы мол болмақ.

Кітап бүлдіршіндер мен барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST