Әлем бойынша жеткізу

Қар қызы, Оралхан Бөкей

1 800

ХХ ғасырдың соңына таман қазақ прозасына шұғыла болып құйылып, басқаларға ұқсамай, мінез көрсете келген жазушы – Оралхан Бөкей. Оның жазғанын оқырман сүйіп оқып, ол бөленген ықыласқа қаламдастары қызыға қарайтын. Көзі тірісінде-ақ жеткен атақ, жазушы дүниеден өткен соң да көмескіленбей, оқырман көңілін мен мұндалап өзіне аударып келеді.

Жазушы прозадан бөлек, драматургияға да қалам тербеп, публицистика жанрында да өшпес із қалдырған.

«Қар қызы» – жоғары сынып оқушылары мен студенттер сүйіп оқитын романтикалық повесть. Шығарма алғаш рет 1977 жылы жазылып, кейін қайта өңделіп, 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ…» жинағына енген. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры және М.Әуезов атындағы академиялық драма театры «Қар қызын» сахналаған.

SHARE

Сипаттамасы

«Қар қызы» повесі, бір қарағанда, соғыстан кейін туған ұрпақтың қасіретін көрсететін шығарма болса, екінші жағынан, бір-біріне ұқсамайтын адамдардың жан әлеміне үңілетін туынды. Үлкен өмірде тағдырлас болып, енді қиын да қауіпті тапсырманы орындау барысында сапарласқа айналған құрдас жігіттердің арпалысы мифтік сарынмен қатар өрілген. Оқиғалар оқырманды қызықтырып, соңында не болады дегізіп, ынтықтыра алады.

Кітап балалар мен жасөспірімдерге сондай-ақ, қиял әлемінен ажырамаған ересектерге арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST