Әлем бойынша жеткізу

Қараш-Қараш оқиғасы, Мұхтар Әуезов

1 800

Бозбала Бақтығұл артынан ерген жалғыз інісі Тектіғұл екеуі жетімдіктің зардабымен нағашы жұртын іздеп келіп, Қозыбақ ауылындағы Сәлмен байға жалданады. Сәлмен бай екі жастың маңдай терін аяусыз пайдаланады. Ақысын жейді. Көпе-көрнеу қиянатқа түсіп, осында Бақтығұл інісінен айырылады. Ендігі кезекте Бақтығұл Сәлменмен өштігі бар Жарасбай болысқа келіп паналайды. Жарасбай болыстың да өзінің құм есебі бар болып шығады.

Осылайша қат-қабат күрделі оқиғалармен басталған шығарманың ең ширыққан сәтінде Бақтығұл өміріндегі ең маңызды тағдырлы шешімге келеді..

SHARE

Сипаттамасы

Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінде ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында орын алған келеңсіздіктер мен олардың адам тағдырына әсері баяндалады. Барша адамзат қоғамының дамуына кері әсер ететін қорлық пен қиянат, зұлымдық пен қылмыс, сатқындық пен аярлық категориялары және оларға қарсы адалдық пен сенім, ерлік пен төзім, аяушылық пен мейірім категорияларының сипаты ашылып көрсетіледі. Адамдық болмысты қорлап отырған алапат әділетсіздікке қарсы жанның жанкешті күресі баяндалады.

Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST