Әлем бойынша жеткізу

Қазақ тарихының әліппесі, Мұхтар Мағауин

3 500

«Қазақ тарихының әліппесі» – «айбыны асқан алаш жұртының төрт ғасырлық шежіресі». Кітаптың басты құндылығы – төл тарихымызды ешбір бүкпесіз, төл танымымыз арқылы тануға жол ашуы. Орталық жүйе оқулықтарына оңбай соққы болып тиген бұл еңбек, ендігі кезекте еркін ойлы қазаққа, азат ұрпаққа темірқазық секілді қызмет атқара бермек. Кітапта біртұтас Қазақ Ордасының құрылуынан тартып, таққа отырған ханынан найза ұстаған арқалы батырларына дейін кеңінен баяндалған, тарихи сананы бекіте түсер қызғылықты, танымдық деректер молынан берілген.

SHARE

Сипаттамасы

Советтік құрылым кезінде қазақ халқының өткен тарихы мүлде бұрмаланып келгені мәлім. Отар халықта өзіндік тарих болмауға тиіс еді. Санасы оянып, бүгінгі кіріптар күйіне наразылық туындауы мүмкін.

Енді, тәуелсіз заманда ең алғаш жазылған еркін, толымды тарих – Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі» болды. Әліппе ғана емес, нақты дерек, мағлұматтардың негізінде қалыптасқан берік ұстын. Қазақ Ордасының XV-XVIII ғасырлар – төрт жүз жылдық шежіресі қамтылған, халқымыздың ерлік дәуірін, елдік сыпатын әйгілеген өзгеше еңбек.

Жалпы жұрт санасына айрықша әсер еткен кітаптың жас оқырманға берер таным, білімі де мол.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST