Әлем бойынша жеткізу

Қазанат Джек, Эрнест Сетон-Томпсон

1 900

Э. Сетон-Томпсон оқырманға жануарлар әлемін айна қатесіз таныстыра білген сөз зергері ғана емес, өз әңгімелеріне өзі иллюстрация жасайтын шебер суретші де еді. Ол 1879 жылы Торонто өнер колледжін бітірген. Кейінірек 1890–1896 жылдары Парижде бейнелеу өнерін оқыған. Жаратылыстың өзіндей дәлдік пен экспрессивтілікке толы суреттері арқылы ол тұмса табиғаттың танымал суретшісі атанды. Ал 1885 жылы «Century Company» баспасынан зоологияға арналған энциклопедиялық сөздікке 1000 сүтқоректінің суретін салуға тапсырыс алады. Тіпті оның көкжал бөрі бейнеленген бір суретін Теодор Рузвельттің өзі сатып алған.

Хайуанаттардың тыныс-тіршілігін аса мұқият әрі шынайы баяндайтын жазушының әңгімелерін жас жеткіншектер мен барша оқырман қауымға ұсынамыз.

SHARE

Сипаттамасы

Бала күнінде аңдар мен құстарға қатты қызыққан қолыңыздағы кітаптың авторы өсе келе орман аралап, ізденіп, дәл осы тақырыпта қалам тербейді. Тың арнаға жол салған оның шығармашылығы көптеген оқырмандардың ынтасын өзіне аударады. Әйгілі канадалық жазушының жануарлар туралы реалистік әңгімелері сізді де қызықтырып, табиғат-ананың жұмбағын ашары сөзсіз.

Кітап балалар мен барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST