Әлем бойынша жеткізу

Чика – Дабылдың баласы, Молдахмет Қаназ

1 700

Бұл кітапқа жазушы М. Қаназдың бірнеше танымал повестері еніп отыр. «Чика – Дабылдың баласы» повесінде майдангер Дабылдың әйелі Тәнзила ауылға әкеліп үлестірілген балалардың ішінен Чика атты неміс баласын бауырына басады. Автор Чиканың жаңа ортаға кіруін әрі табиғи, әрі нанымды жеткізе білген.

«Ақтайлағым-ай» повесінде сәби көңілге сыймас ауқымды да қатқыл өмір шындығының бала Біләлдің жан-дүниесінде орын алуы баяндалады.

«Аққанат» ертегі-новелласы табиғаттағы тіршілік иелерінің бәрі де өзара сабақтас, тағдырлас өмір сүретінін, әрбіріне ортақ үйлесім барын түсіндіреді.

SHARE

Сипаттамасы

Жазушы М. Қаназдың шығармашылық өмірге сәтті қадам бастырған «Чика – Дабылдың баласы» повесінде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жетім қалған нәсілі бөлек баланы бауырына басып, сол ісімен соғыс қасіретін жеңген, адамзат қауымына ортақ адамгершілік-имандылық ұялаған қазақ ауылының гуманистік болмысы сипатталады. Тек қазақ әдебиетінің оқырмандарына ғана емес, көршілес елдердің тілдеріне де аударылып, кеңінен тарап үлгерген аталмыш шығармамен қатар, бұл кітапқа автордың «Ақ тайлағым-ай» повесі мен «Аққанат» ертегі новелласы енгізіліп отыр.

Кітап жасөспірімдер мен барша әдебиетсүйер қауымға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST