Әлем бойынша жеткізу

Тоғыз құйрықты ақ түлкі

2 700

Баланың ақыл-ойын, қиялын ұштап, эстетикалық сезімін дамытып, биік талғамын қалыптастыруға көмектесетін құралдың бірі – ертегі. Ертегі қиял элементтері мен таңғажайып оқиғалар араласқан, есте жоқ ескі заманның әңгімесі десек те, ол әр халықтың тыныс-тіршілігінен, қоғамдық құрылысынан, тарихынан хабар береді. Сонымен бірге ертегі балалардың бойына адамгершілік, еңбекқорлық, батырлық секілді қасиеттерді дарытып, мінез-құлқын тәрбиелеуге сеп болады.

Белгілі әдебиетші, қазақ телевидениясына да елеулі еңбек сіңірген Ғалым Доскен аударған әлем халықтарының ертегілері түрлі өнерпаздардың тағылымды өмірінен, әртүрлі кәсіп пен өнер түрінен хабардар етіп, соларды үйренуге қызықтырады. Сондай-ақ кішкентай балдырғанды да, ересек оқырманды да дүниенің қыры мен сырын ұғып-білуге, әлем халықтарының болмысымен, ерекшелігімен танысуға жетелеп, дүниетанымының кеңеюіне әсер етеді.

SHARE

Сипаттамасы

Бұл кітапта әлем халықтарының өнер және өнер иелері жайлы ертегілері жинақталып берілген. Ертегілік замананың күйші, бишілері, әнші, суретшілері мен ақын, жыршылары туралы шытырман бұл туындылар оқырмандарды ежелгі өнерпаздардың қилы-қилы тағдырына тәнті қылып, қызыққа толы тылсым, жұмбақ әлемге жетелейді, шартарапты жайлаған халықтардың наным-сенімімен, әдет-ғұрпымен таныстырып, ізгілікке үндейді, өнердің құдіретін паш етеді.

Алғаш 1991 жылы шығып, содан бері толық күйінде баспа бетін енді ғана көріп отырған бұл кітап мектеп оқушыларына және көпшілік оқырман қауымға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST