Әлем бойынша жеткізу

Тортай мінер ақ боз ат, Оралхан Бөкей

1 600

Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» деп аталатын осынау әңгімелер циклі – өзінің асқақ та нәзік болмысына жасырынған шынайы сағынышының ескерткішіндей. Оралхан Бөкей жазушы болып танылғаннан былайғы уақытта қолына қалам алған жастардың ішінде осы әңгімелерді оқымағаны жоқ, тіпті еліктемегені де жоққа тән. Сезімін қаласа іркіп, қаласа төгіп, басқа жазушылар ұстанатын ережелерді ескермей өте шығып, батыл жаза беретін жазушы сол қасиеттерімен-ақ оқырманына етене жақын.

SHARE

Сипаттамасы

Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» туындысында ауыл баласы Тортайдың ақ жүрегі, таза арманы және сол арманға жетер жолдағы күрделі тағдыры суреттеледі. Шығармада үлкен өмірге қадам басар сәттегі үміт пен шындықтың қақтығысы терең психологиялық иірімдер арқылы беріледі. Автор қарапайым ауыл тұрмысын суреттей отырып, Тортай бейнесі арқылы арманшыл адамның рухани әлемін ашады.

Қаламгердің кітапта топтастырылған өзге туындыларында отбасылық құндылық, табиғатпен үндестік, батырлық пен ішкі күрес, рухани серпіліс секілді тақырыптар кеңінен көрініс табады. Әр шығармада философиялық тереңдік пен қазақи дүниетаным айқын байқалады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST