Сипаттамасы

«Таудан биік Толағай» – балалық қиял мен аңыздың тоғысқан әсем әлеміне жетелейтін хикаят. Білімпаз, Көреген және Сезімтал есімді үш дос қызыққа толы күндерін өткізіп, әртүрлі сұрақтарға жауап іздеп жүріп, бір күні Абыз атаны көруге барады. Данагөй қарт оларға өз бабасы жайлы – тау көтерген Толағайдың ерлігі туралы аңызды баяндап береді. Үш құрдас сүйсіне тыңдаған бұл сырлы хикаят олардың қиялын тербетіп, жүрегіне достық пен батырлықтың шынайы мәнін ұялатады.

