Әлем бойынша жеткізу

Сүлеймен патшаның кеніші, Генри Райдер Хаггард

3 100

Генри Райдер Хаггард – роман жанрының шебері, әйгілі ағылшын қаламгері. Хаггардтың қолдарыңыздағы «Сүлеймен патшаның кеніші» атты туындысы қалың оқырманға мәшһүр жазушы Мұхтар Мағауин аудармасында жол тартып отыр. Бұл романды зерттеушілер қызғылықты роман жанрының басы деп бағалайды. Автор оны бас-аяғы алты аптада жазып бітірген. Осы роман жарыққа шыққан соң әлемде Африка континентіне деген қызығушылық күрт артқан екен. Роман сюжеті өте қызықты әрі ширақ. Шығармада автор таңғажайып аңызға бергісіз сан түрлі оқиғалар мен Африканың мәдени ерекшеліктерін шебер тоғыстыра білген.

SHARE

Сипаттамасы

Генри Райдер Хаггард (1856 – 1925) – танымал ағылшын жазушысы, қызық оқиғалы және тарихи романдар шебері. «Сүлеймен патшаның кеніші» – күні бүгінде әлем әдебиетіндегі ең көп таралған шығармалардың бірі. Роман қашанда қызғылықты оқылса, өз тұсында жаңалықты шығарма болды. Қаламгер ол заманда христиан әлемінде адам қатарына саналмаған қара түсті халықтарды, бұл ретте зәңгі зұлыс жұртын әр рухты, нәзік, таза сезімді, рухани дамыған халық ретінде сыпаттаған. Қазірде үйреншікті жағдай десек те, озық ойлы қаламгердің оқиға өрбіту, шытырманнан жол тапқан шеберлігі аталмыш романды ешқашан ескірмес туындылар қатарына қосқан еді.

«Сүлеймен патшаның кеніші» – қазақ үшін де мән-мағынасын жоғалтпайтын, көп оқылымды роман ретінде қала бермек.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST