Әлем бойынша жеткізу

Сүйекші, Дулат Исабеков

1 400

Дулат Исабековтің «Сүйекші» повесі оқырманды ойлануға үндейді. Әдебиетті зерттейтін ғалымдар мен сыншылардың осы шығарма төңірегінде көп толғанатыны да сондықтан. Өмір шындығын шебер сомдалған бір кейіпкер арқылы бергені – жазушының кемеліне келіп тұрған шағындағы үлкен олжасындай.

SHARE

Сипаттамасы

Дулат Исабековтің шығармаларында қоғам, әлеумет, не тарих емес, адам жаны әрдайым басты назарда. Ол өзінің әңгімелері мен повестерінде жұрт ішінде жүрген, бірақ сол жұрт байқай бермейтін елеусіз жандардың ішкі жан-дүниесін, олардың тауқыметті тағдырын терең суреттейді. Мәселен, қолыңыздағы кітапта берілген «Сүйекші» повесінің кейіпкері Тұңғыш сияқты диуана, қабір қазушы секілді кәсіптен несібесін айырған жандардың арман-мұраты, тыныс-тіршілігі көп адам үшін беймәлім. Жазушының қырағылығы мен шеберлігі болса керек, адамдар арасындағы осындай «Үндемес» жандардың басындағы мұң-зарды, трагедияны бір ғана кейіпкердің баянсыз ғұмыры арқылы бере білген.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST