Әлем бойынша жеткізу

Сары қазақ, Мұхтар Мағауин

2 700

Қып-қызыл советтік цензураның кезінде-ақ қазақ руханиятын тірілткен («Алдаспан», «Аласапыран», «Бес ғасыр жырлайды», «Қобыз сарыны» т.б.) Мұхтар Мағауиннің «Сары қазақ» романының жөні бөлек. Азаттық таңының сүйіншісіндей болған ақжолтай роман «Сары қазақта» жазушы бір дәуірдің озбыр бейнесін асқан шеберлікпен көркем бейнелейді. Классик жазушының таяуда ғана баспа бетін көрген жиырма алты томдық шығармаларының толық жинағында осы туынды жайлы «Роман 1990 жылы 15-қарашада басталып, 1991 жылы 5-ақпанда қаралай тәмам болады – арадағы ұсақ-түйек үзілістерімен қосып есептегенде сексен екі күн. 17-наурызда тазалай көшіріп бітеді… Мәскеудегі Август бүлігінен үш күн бұрын жарыққа шықты» деген құнды дерек берілген.

«Сары қазақ» – қай кезеңде болсын қазақ оқырманының ұлттық санасын бекіте түсер зор байлық.

SHARE

Сипаттамасы

Мұхтар Мағауиннің «Сары қазақ» романы – советтер дәуіріндегі қазақ әдебиетінің ең соңғы шығармасы. 1991 жылы август айында жарыққа жетіп, көпшілікке тараған. Сонымен қатар, «Сары қазақ» – жаңа тәуелсіз қазақ сөзінің алғашқы үлгісі есепті. Осы екі тармақ сөз – мезгілдік меже ғана емес. Бұл роман еркін сөздің өзгеше үлгісін жасап, советтік-коммунистік тәртіп қазақ халқына қаншама қасірет әкелгенін алғаш рет жан-жақты суреттеген шығарма болды. Төңкерістен соңғы зобалаң мен зорлық, қуғын мен қырғын, жаппай ашаршылық, ұлттық рух, ұлттық сыпаттың жанышталуы – мейілінше шынайы көрініс тапқан.

«Сары қазақ» романының жалпы оқырман қауым, оның ішінде жаңа, жас ұрпақ алдына тартар ақпараты мен тағылымы айрықша.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST