Сипаттамасы
Қолыңыздағы кітапта Н. Гогольдің әдебиетшілер мен көпшілік оқырман қауым «Петербург повестері» деп атаған танымал топтамасынан «Нева проспектісі», «Портрет» және «Мұрын» атты хикаяттарын ұсынып отырмыз. Аталмыш повестерге ортақ оқиға орны Санкт-Петербургтің тарихи мен мәдени өмірін жан-жақты қамти отырып, жазушы өз дәуіріндегі «маңызды тұлғалардың» мінез-құлықтары мен өмір салтын таңғаларлық дәлдікпен суреттейді. Сондай-ақ Петербург шахарының жан дүниесін айқара ашқандай – «кішкентай адамдардың» қилы да аянышты тағдырларын баяндайды.
Кітап барша әдебиет сүйер қауымға арналады.

