Әлем бойынша жеткізу

Он үшінші ойыншы

2 400

«Он үшінші ойыншы» – өмірде болған оқиғаға негізделген шығарма. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ауылдан шығып облыс, республика көлеміне танылған, кейіннен, қазіргі ТМД деңгейінде аты шығып жүлдегер атанған «Шалқар» футбол командасының өсу жолы суреттеледі. Повесть бас кейіпкер Айдардың өмірімен қатар өріліп, оның үлкенді-кішілі жарыстарға шыққан сәттегі жан толқынысы, жеңіске деген құштарлығы, әкесіне, анасына, туған жеріне, сүйген қызына деген сезімі қызықты оқиғалар арқылы шебер суреттеледі. Қарапайым ауыл балаларының футболға деген қызығушылығын аша білген дене шынықтыру ұстазының жанқиярлығы да оқырманды өзіне баурап алады.

Кітап жас жеткіншектердің ішкі жан әлемін түсінуі үшін де таптырмас дүние.

SHARE

Сипаттамасы

1979 жылы жазылған бұл повесть оқырмандарға, әсіресе жастарға ерекше жігер сыйлайтыны сөзсіз. Себебі бас кейіпкер Айдардың ішкі жан-дүниесіндегі өзгерістен, айналасындағы оқиғалардан туындаған қиындықтарды жеңіп, арман-мақсатына жете білуі, футболға қызығушылығы, әкеге деген сағынышы, анасына қамқорлығы, алғашқы махаббаты көркем бейнеленген. Кішкентай ғана ауылдан шыққан «Шалқар» футбол командасы туралы қызықты оқиғалар алғашқы беттен-ақ жатық та жеңіл тілімен баурап алады.

Кітап жасөспірімдер мен барша оқырман қауымға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST