Сипаттамасы
Аты аңызға айналған Гомер жырлаған «Одиссея» дастаны Троя соғысын баяндайтын «Илиада» поэмасының жалғасы деп есептеледі. Аңыз бен ақиқаты астасқан «Одиссея» дастанында әйгілі Троя соғысынан отанына қайтып бара жатқан батырлардың бастан кешкен шым-шытырық оқиғалары мен айлакер батыр Одиссейдің ерліктері баяндалады. Шығарманың қазақ тіліндегі прозалық нұсқасын аударған жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбек.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

