Әлем бойынша жеткізу

Оба, Альбер Камю

2 800

Кейде кітаптың қай кезде, қандай жағдайда оқылуы да аса маңызды. Ал бүгінгідей жер-әлемді эпидемия үрейі билеген уақытта «Оба» тәрізді классикалық мәтінді қайта оқудың берері көп. Бұл кітапты оқи отырып, оба тарап, құрсауда қалған қала тұрғындарының жан дүниесін айна қатесіз берген қаламгер Альбер Камю шеберлігіне тәнті боласың. Бұл шығарманың бекерден-бекер «көреген роман», «ескертпе роман» аталмағанын ұғынасың. Мейманасы тасыған адамзат баласының кенеттен мүсәпір күйге түскенін көресің. Өз шарасыздығыңды да бүтін болмысыңмен сезінесің…

SHARE

Сипаттамасы

Нобель сыйлығының иегері Альбер Камюдің пәлсапаға құрылған терең ойлы шығармаларын миыңызға салмақ салмай оқу мүмкін емес. Бұл кітабын да оқи отырып, Камюдің тереңіне сүңгіп кетесіз. Романның оқиғасы 1940 жылдары Алжир жағалауындағы Оран қаласында халықты қырғынға ұшыратқан оба індетінен аман қалған куәгердің естеліктерінен құралады. Шығармада автор өмірдегі шындық пен келеңсіздікті, бітіспес күресті, адамзат басына төнген қайғы-қасіретті сөздің күшімен оқырман жүрегіне жеткізеді.

Кітап барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST