Әлем бойынша жеткізу

Мен, Мұхтар Мағауин

6 500

«Бисмиллаһ ир-рахман ир-рахим! Өзіңе тура баста… Шытырман. Яғни, менің еншілі өмірім мен таңбалы жазуым. Бастан өткен ғұмырдың көңілдегі суреті. Қаламға ілінген жазудың жүректегі жүгі».

Мұхтар Мағауиннің «Мен» атты мемуарлық дилогиясы тап осылай басталады. Сөйте тұра, «Мен» – жеке суреткердің ғұмырбаяны ғана емес, шығармашылық пен ғылымның жолын таңдаған шыңның бет түзер темірқазығы, рухани өмір шежіресі, тұтас бір дәуірдің шынайы суреті.

Дилогияда Мағауиннің студент кезінен бастап жүргізген «Алтын дәптері» – барлық әдеби жобалары мен идеялары сақталған бірегей архив ретінде көрініс табады. Жазушы советтік жүйенің тыйымдарына қарамастан ұлт рухын асқақтатқан шығармалары қалай жазылғанын, жарық көру жолындағы шырғалаңдарды бүкпесіз баяндайды.

SHARE

Сипаттамасы

Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Мағауиннің анау-мынау емес, тұпа-тура «МЕН» атанған, естелік-толғау түріндегі және болмыс-бітімі қалыпты ұғым, жалған сыпайылық жөнімен онша үйлесе бермейтін өзгеше кітабы – отарлық заманда күн кешкен ойшыл, әсершіл ғалым-жазушының жан азабы турасындағы роман-эссе. Бірінші кітапта рухани бұғаудағы жазушының қаламгерлік жолы һәм шығармашылық өнердің сыр-сыпаты туралы әңгімеленсе, Екінші кітап ғылымдағы ізденіс-машақаттар туралы хикая шертеді. Әлбетте, барлық замандағы барлық ғылым, халық тілімен айтсақ, инемен құдық қазғандай. Бірақ ғалым-зерттеушінің бастан кешкені – мүлде басқа тараптағы машақат: жанышталған мұра, тапалған тарихты қайта көтеру, ұлттың оянуы, рухтың серпілуі жолындағы күрес машақаты. Жазушының жан азабы, ғалымның машақаты жинақтала келе жеке бір адамның емес, отарлық қыспақ астындағы рухани өмір шежіресін, тұтас бір дәуірдің рухани тарихын айғақтайды.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST