Әлем бойынша жеткізу

Менің атым Қожа, Бердібек Соқпақбаев

1 600

Бердібек Соқпақбаев – қазақ балалар әдебиетін биік деңгейге көтеріп кеткен жазушы. Ол балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арнап бірқатар әңгіме мен повесть, роман жазған. Солардың көбі, оның ішінде «Менің атым Қожа» шығармасы да бірнеше тілге тәржімаланған. Алдымен орысшаға аударылса да, Мәскеуден кітап болып шықпай жатып, Парижде французшасы жарық көрген. Сол жылдары қай тілде кітап болып басылса да, жас оқырмандар тарапынан өте жоғары баға алған. Шығарма әлі күнге дейін ескірмей, қайта уақыт өткен сайын оқырманы көбейе түсуде.

«Менің атым Қожа» повесі бойынша 1963 жылы режиссер Абдолла Қарсақбаев шығармамен аттас фильм түсірді. Ол фильм 1967 жылы Канн қаласында (Франция) өткен Балалар мен Жасөспірімдерге арналған фильмдердің халықаралық фестивалінде арнаулы жүлдеге ие болған.

SHARE

Сипаттамасы

Жазушының бұл повесі жазылғаннан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, өзінің ғажабын жоғалтпай келеді. Жыл сайын бесінші сыныпқа баратын жаңа ұрпақ Қожамен құрдас болып, оның сырласына айналып отырады. Шығармамен енді танысқан кез келген бала Қожаның басынан өткен хикаяларын қызыға оқып, онымен бірге қуанып, онымен бірге күліп, арасында онымен бірге мұңаяды. Сондай-ақ, қайталап оқыған адам да құтты бір бірінші рет оқып отырғандай әсерленіп, жадырап күліп, балаша мәз болады.

Кітап балаларға және балалық шағын есіне түсіргісі келетін ересектерге арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST