Әлем бойынша жеткізу

Көк мұнар, Мұхтар Мағауин

3 500

«Көк мұнар» – болашақ классик жазушының атын әйгілеген бірегей туындысы. Роман 1971 жылы 5 мамыр күні басталып, сол жылдың күзі 25 қыркүйекте тәмәм болған. Романның шығу барысындағы және одан соңғы дүбірлі жолы жайлы жазушының ғұмырбаяндық «Шытырман» романында көп дүние баяндалған. Сол кездегі жас Мағауинге роман туралы даудың өзінен гөрі осы оқиғаға түрткі болған қаламдастарының мінез-құлқы қаттырақ әсер еткені байқалады. Ақыры, «Көк мұнар» қаншама жағаластан соң, бар өткелектен бүлінбей өтіп, 1972 жылдың қыркүйегінде басылып шығады. Жалпы жұртшылық, әсіресе жастар қауымы жаңа құрылым, соны тұрпатты романды үлкен сүйінішпен қабылдайды.

SHARE

Сипаттамасы

Классик қаламгердің “Көк мұнар” романы алғаш баспа бетін көргенде-ақ үлкен дүмпу тудырған. Оқырман тарапынан ықылас жоғары болса, әдеби, сыни және басқа да жауапты идеологиялық органдар ашық қарсылық танытқан. Шығарманың басты кейіпкері – Едіге ауылдан Алматыға келіп, ғылым жолын таңдаған жас жігіт. Ол адалдығы мен шынайылығын сақтап қалуға тырысады, алайда ғылым мен қоғамдағы әділетсіздіктерге тап болып, өз ғылыми еңбегінің ұрлануы мен махаббаттағы сәтсіздіктер сияқты қиындықтарды бастан кешіреді. Оның ішкі жан дүниесіндегі күрес романның негізгі өзегін құрайды.

Кітап сөз өнерін ұлықтаған барша оқырманға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST