Әлем бойынша жеткізу

Кішкентай шахзада, Антуан де Сент-Экзюпери

1 600

Антуан де Сент-Экзюпери – француздың жазушысы әрі батыры. Иә, батыры. Өйткені ол кәсіби ұшқыш болып қызмет еткен. Ал екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда әскери ұшқыш ретінде майданға араласқан. Соғыстың бітуіне бір жылдан да аз уақыт қалғанда Жерорта теңізін барлауға ұшып шығып, сонда қаза тапқан.

Бірақ жазушы соғысқа дейін де, соғыс уақытында да бірнеше ғажайып шығарма жазып кетті. Соның бірі – қолыңыздағы «Кішкентай шахзада».

Қазақшаға бірнеше рет аударылған, біз қазақтың аса көрнекті жазушыларының бірі Тәкен Әлімқұлов жасаған тәржіманы таңдап алдық.

Бір қызығы, кітаптағы суреттерді жазушының өзі салған.

SHARE

Сипаттамасы

«Кішкентай шахзада» ертегісінде автордың арманшыл әлемі суреттеледі. Боямасыз шындық айтылған ертегі бүгінде әлемнің 180-нен астам тіліне аударылған. Әрбір ересек адамға өзінің бала болғанын ескертетін шығарма десек болады.

Ұшқыш, әрі жазушы Антуан де Сент-Экзюпери өзінің балалық шақтағы естеліктерін ұмытқан емес. Сол себепті де ол бүгінде миллиондар сүйіп оқитын ертегіні өмірге алып келді. Автордың өмір жолымен танысқаннан кейін, әлемдік әдебиеттің жауһары «Кішкентай шахзада» ертегісін жазу тек Антуан де Сент-Экзюперидің ғана қолынан келетініне көз жеткіземіз.

Кітап балалар мен үлкендерге арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST