Әлем бойынша жеткізу

Каштанка, Антон Чехов

1 600

Чеховтың қай әңгімесін оқысаң да жаныңды, көңіліңді тербейді. Оқиғалары ойыңнан кетпей қояды. Қолдарыңыздағы «Каштанка» атты кітапта ұлы жазушының жеті әңгімесі берілген. «Каштанка» өзге әңгімелерінен көлемділеу. Алайда, өте жеңіл оқылады. Іші эмоцияға толы. Титімдей Каштанкамен бірге қуанып, бірге мұңаясың, бірге түс көресің. Үйінен қожайынымен ере шыққан Каштанка адасып, өзге ортаға түседі. Мұндағы жағдайы бұрынғы өмірінен әлдеқайда тәуір әрі қызықты. Бірақ Каштанка түсінде көбіне бұрынғы өмірін, қарашаңырағын көреді. Одан әрі оқиға күрделене түседі. Жаңа машық, жаңа достар, жаңа сынақтар. Осының бәрі бұрынғы төл қожайыны мен оның баласына қауышқанға дейін жалғасады. Әңгіменің астары терең. Әрбір оқырман өз қорытындысын шығарғаны абзал.

«Каштанкадан» бөлек кітапта әйгілі жазушының «Үйде», «Ванька», «Қашқын», «Аққасқа», «Жұртта», «Көлікте» деген әңгімелері бар.

SHARE

Сипаттамасы

Чехов шығармашылығы – тек орыс әдебиетіндегі ғана емес, әлем әдебиетіндегі айтулы құбылыс. Оның уытты юмор мен күллі адамзатқа тән мәселелерден, аздаған трагедиялық ноталардан тұратын шағын әңгімелері оқырмандарды қай кезеңде де бей-жай қалдырмаған. Жинаққа автордың кішкентай иттің әсерлі оқиғасын баяндайтын «Каштанка» әңгімесі мен өзге де таңдаулы шығармалары еніп отыр.

Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST