Әлем бойынша жеткізу

Жиһангез Тити, Марат Қабанбай

3 100

Балаға да, үлкенге де сырлас болуға жарайтын, жазатын нәрсесін жан дүниесінен өткізіп барып, тәптіштеп баяндайтын, жазуға шын берілген жазушының бірі – Марат Қабанбай. Қанық бояу, оқыс суреттеу, уақыт өткен сайын жадымызда көмескіленіп бара жатқан көшпелі сана – бәрі де бұл кісінің шығармаларында тұнып тұр. Насихат пен көптің пікіріне қарамай, нағыз асылды іздеген оқырман үшін үлкен олжа болатыны да сондықтан.

SHARE

Сипаттамасы

Марат Қабанбайдың шұрайлы шығармаларының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Тегінде, балалар әдебиетіне қойылар талап өте жоғары. Ал Марат Қабанбай сол талаптың үдесінен шыға білген қаламгер. Оның туындыларынан автордың да бала секілді қуанып, бала секілді шаттанатыны, өмірге баланың көзімен қарайтыны сезіліп тұрады.

Қолыңыздағы жинақта берілген автордың бірқатар әңгімелері бал балалық шақтың ғажайып сәттерін өзінің шынайылығымен сөзсіз есіңізге түсіреді.

Кітап балалар мен жасөспірімдерге арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST