Әлем бойынша жеткізу

Жекпе-жек, Бердібек Соқпақбаев

2 500

Қарағайдың қарсы біткен бұтағындай болмысы бар Бердібек Соқпақбаев жас оқырманның бойындағы жігерді жанып, күш бітіретіндей шығарма жазып кеткен, ол – «Жекпе-жек». Бұрынғы атауы «Он алты жасар чемпион». Автор өзі батыл да тәуекелшіл, шымыр да епті адамтұғын, бірақ заманның қиын кезінде өскен соң спортпен айналысатын мүмкіндігі болмаған. Оны біз «Балалық шаққа саяхат» повесінен білеміз. Жазушының осы арманы қолыңыздағы кітап арқылы орындалғандай көрінеді. Әрі қоғамды жақсарту үшін осындай да істер жасауға болады, күресуге болады деген ишарасы да анық байқалып отырады. Ол да болса Бердібектің іште жатқан үлкен бұлқынысының көрінісі болса керек.

SHARE

Сипаттамасы

Бердібек Соқпақбаевтың есімі қазақ әдебиетінде тек балалар жазушысы ретінде ғана емес, спорт тақырыбында жазған алғашқы қаламгердің бірі ретінде де сақталды. Оның үлкенді де, кішіні де елітіп әкетер «Жекпе-жек» повесіндегі қарапайым ғана оқиғалар оқырмандарға үлкен ой тастайды. Шығарманың басты кейіпкері – әлжуаз ауыл баласы Мұраттың асқан табандылықпен жаттығып, қажырлы еңбегінің арқасында чемпионға айналуы талай бүлдіршінге үлгі болады.

Кітап балалар мен ересектерге арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST