Сипаттамасы
Келімді-кетімді дүниеде көкірегі қазынаға толы қарияның жас буынға айтары қашан да көп. Қолыңыздағы кітапта жасы сексенді алқымдаған қарт жиырмадағы бозбалаға өмір сүрудің формуласын көрген-білгеніне сүйене отырып баяндап береді. Француз классигінің эпистолярлық жанрдағы бұл шығармасы қанаты қатая қоймаған жас буынға өмір жолында бағыт-бағдар болары анық. Әлем оқырмандарына кеңінен таныс бұл шығарма алғаш рет қазақ тіліне аударылып отыр.
Кітап ойлы жастарға және барша оқырман қауымға арналады.

