Сипаттамасы

Классик қаламгер Мұхтар Мағауиннің ХХІ ғасыр басында таңбаға түсірген «Жармақ» романы кесек дүние. Роман адам болмысының екіге жарылуы, ар, арсыздық, рух пен сенім сергелдеңі сынды әлмисақтан келе жатқан сауалдарды жаңашыл пайымпен суреттейді.
Романның бас кейіпкері – тарихшы Мұрат Қазыбеков: бір түнде жарық өшкен сәтте ол түсініксіз түрде басқа кеңістікке өтіп, үлкен салтанат үстінен шығады. Сол жерде ол өзіне айна қатесіз ұқсайтын, бірақ бай да ықпалды бизнесмен Марат Қазыбековпен кезігеді, яғни екі «Меннің» қатар өмір сүргенін көреді. Мұрат бұрын жоғалтқан сүйіктісі Балжанның дәл сол әлемде Мараттың жары екенін танып, өткен өмірі мен бүгінгі тағдырының айырмасын түсінеді.
Туынды әдебиетсүйер, барша ойлы оқырманға арналған.

