Әлем бойынша жеткізу

Ер Төстік

1 400

Қазақ әдебиетінде ертегі жанрының орны ерекше. Жас бүлдіршіндердің қиялының оянуына, оның дүниетанымының дамуына ықпалы зор, халықтық нақышта баяндалатын «Ер Төстік» ертегісі отансүйгіштікті, қаһармандықты және адамгершілік қағидаларын насихаттауымен құнды. Әрі бұл ертегі жас жеткіншектердің көкірегіне батырлық сезім ұялатып, өзіне деген сенімділігін арттырып, дұрыс орта мен жақсы жолдас табуға көмек береді.

SHARE

Сипаттамасы

«Ер Төстік» – қазақ ертегілерінің түп тамыры. Бұл ертегі ежелгі замандағы халқымыздың мифтік танымын, ырымдары мен әдет-ғұрыптарын көркем түрде бейнелейді. Ертегідегі ғажайыптардың бүгінде шынайы өмірден көрініс тауып отырғанын ойы қырағы жас оқырмандар байқауы мүмкін. Өзінің осындай танымдық алуандығымен қоса, балаларға батырлық пен достықтың адам бойына жияр жақсы қасиеттер екенін көрсетеді.

Бұл кітапты жеткіншек және жасөспірім оқырмандарымызға ұсынамыз.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST