Сипаттамасы

«Ергежейлі еліне саяхат» хикаяты Бердібек Соқпақбаевтың соңғы шығармасы болып есептеледі. Сол кездегі саяси жағдайға байланысты шығарма жарық көрмей қалған. Хикаятта оқиғалар мен адамның ақыл-парасаты, мінез-құлқы, жан толғаныстары, ғұмыры, қарама-қайшылықтары, қоғамдық тартыстардың мағынасы бүкпесіз ашылады. Бір ұлттың ұлттық танымы мен саяси қауқарын, әл-ауқатын астарлап жеткізе алған туынды десе де болады.
Сондай-ақ хикаятпен бірге жазушының балаларға арналған әңгімелерін де қосып отырмыз.
Кітап балалар мен ата-аналарға, жалпы оқырмандарға арналады.

