Әлем бойынша жеткізу

Дермене, Дулат Исабеков

1 700

Адам бойындағы сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдер, парасат, аяушылық қасиеттер қалай қалыптасады? Осындай сезімдер мен қасиеттерсіз адам баласының өмірін елестетуге бола ма? Әрине, жоқ. Адамды адам етіп тұрған да осы сезімдер. Осы құндылықтардың бойына байқаусыз сіңіретін әрине, ізгілік рухтағы көркем шығармалар. Осы кітапқа кірген қос туынды «Дермене» мен «Бекет» солардың санатындағы сөз өнерінің озық үлгілері. Екі шығармада да кішкентай адамдардың образдары шебер әрі шынайы суреттелген. Шынайылық бар жерде, өлмес образдар бар. Ал өлмес образдардың қарапайым оқырманнан тұлға жасай білетін құдіреті бар.

SHARE

Сипаттамасы

Дулат Исабеков шығармаларынан автордың өмір бейнесін айна-қатесіз салатын шеберлігі айқын байқалады. Әрбір шығармасының негізгі тірегі – адам және оның сан қатпарлы өмірінің айшықты детальдары. Қолдарыңыздағы кітапқа енген «Дермене» және «Бекет» повестерінде де өмір шындығы өнер тілінде шынайы суреттелген.

Кітап барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST