Сипаттамасы

Жинаққа енген шығармалар бір тақырыпқа – бөріге арналғанымен, оқиғалары мен тартыстары әртүрлі. «Бөрінің өлімі» деп аталатын шығармада Қуат есімді аңшы бала күнгі сүйіктісі Айбаршаның тағдырын мүгедек еткен түз тағылары үшін кек алып, көкжалды ит төбелестеріне салып азаптайды. Ал «Бөрімен бетпе-бет» туындысында көкжал Көксауыт пен құртқа Айберен және малшы Еркенже мен оның ұлы Ерқабыл арасындағы бітіспес күрес суреттеледі. «Ақпанның ақ түтегі» әңгімесі адамзаттың қасқырларға жасаған әділетсіздігінің жауапсыз қалмайтыны ерекше шытырман оқиғамен баяндалады.
Кітап көркем әдебиетті сүйер барша оқырманға арналған.

