Әлем бойынша жеткізу

Бір уыс бидай, Мұхтар Мағауин

1 900

Мұхтар Мағауин – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ХХ ғасырдың ең ауыр тақырыбы – 1931-1933 жылдардағы Ашаршылық туралы алғашқылардың бірі болып сөз қозғаған қаламгер. «Бір уыс бидай» – осы ұлттық қасіретті бір отбасының тағдыры арқылы көрсеткен әңгіме. Жазушы бұл әңгімені небәрі жиырма жас шамасында жазған. Шағын болса да, шығармада халық жадындағы ауыр кезеңнің рухы мен мұңы бар. Алмажанның уысындағы бидай – өмірдің, үміттің және адамдықтың белгісі. Сол бір уыс бидай арқылы жазушы ұлттың рухани беріктігін, адамдық қадір-қасиетті сақтау идеясын шебер жеткізеді. Әңгіме алғаш рет 1960 жылы жазылған. Кейін бірнеше рет баспа бетінде жарияланды, ал 2017 жылы осы туындының желісімен қысқаметражды фильм түсірілді.

SHARE

Сипаттамасы

Қолдарыңыздағы кітапқа Мұхтар Мағауиннің ертеректе жазылған бір топ әңгімелері енген. Жинақтағы «Бір уыс бидай» әңгімесінде Алмажан уысындағы дән – өктем күшке деген үнсіз қарсылық, ашаршылық қасіретінің айқын дәлеліндей. «Бір қадақ бидай» туындысы қасіретті күндердің «тәртібін» – аштықтан дүниеден өткендерді жерлеуге дән үлестіру тәрізді адамзатқа қарсы сорақылықты әшкерелейді. Ал «Тіленші» әңгімесінде вокзалда билетіне «бір сом» жетпей жүрген мүсәпірмен кездескен студенттің ішкі арпалысы арқылы қатпары мол әлеуметтік мәселелер көтеріледі. Кітаптағы басқа әңгімелерінде автор адамдық қадір, рухани беріктік пен тарихи шындық тақырыптарын түрлі оқиғаларды негіз етіп баяндайды.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST