Сипаттамасы
«Бишаралар» – Федор Достоевскийдің тырнақалды туындысы. Жазушы осы шығармасы шыққан соң көпшілікке таныла бастады. Әлеуметтік сипаттағы бұл романда екі басты кейіпкер – Варвара Доброселова мен Макар Девушкиннің басынан өткен қайғылы жағдай суреттеледі. Хат түрінде жазылған шығарма формасы оқырманды дереу өзіне баурап алады.
Романды қазақ тіліне С. Талжанов аударып, 1955 жылы алғаш рет жарық көрген. Назарларыңызға осы нұсқаны ұсынып отырмыз.

