Әлем бойынша жеткізу

Бесатар, Асқар Сүлейменов

1 800

«Бесатар» повесі алғаш жарық көргенде әйгілі Ғабит Мүсірепов: «Ойға мырза, образға бай, бос сөзге сараң кітап жазу арман. Сондай мақсатты бетке алған Сүлейменұлы Асқардың «Бесатар» атты повесі мені көптен қызықтырып жүр» деп, кітапқа алғы сөз жазып, жас жазушыға жоғары баға берген екен. Иә, расында туындының тілдік жағы былай тұрсын, қазақтың азаттық күресін көтерген тақырыбының өзі сол советтік кезең үшін үлкен құбылысқа парапар еді.

SHARE

Сипаттамасы

Асқар Сүлейменов – жазу стилімен, айшықты тілімен, тың идеясымен өзге жазушылардан оқшауланып тұрады. Қаламдас жазушылардан айрықшалануына оның өнердегі, әдебиеттегі модернизмді жетік меңгеруі әсер етті. Қолыңыздағы кітапта берілген «Бесатар» повесі – қазақ әдебиетіндегі модернизмнің алғашқы мысалдарының бірі. Сөз өнері мен тарихты ұштастырған бұл повесте 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шындығы көркем жеткізілген.

Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST