Әлем бойынша жеткізу

Бальзак, Стефан Цвейг

4 300

Осы уақытқа дейін әдебиетшілер, жазушылар, әртүрлі талғампаз оқырмандар оқылуы тиіс шығармалар деп, бірнеше тізім жасайды. Солардың қай-қайсын болса да қарай қалсаңыз, ішінде Бальзак жүреді. Өзін графпын деп есептеген, сол үшін фамилиясына «де» айқындауышын қосып алған Оноре Бальзак қалыс қалған тізім жоққа тән.

Сол бір, қайткенде де елеусіз қалмайтын, тағдыры ерекше, жазуы мың қатпар қаламгер туралы Стефан Цвейгтің қолыңыздағы кітабы оның шығармашылық психологиясын түсінуге әрі ғұмыр тарихын да жақыннан тануға көмектеседі.

SHARE

Сипаттамасы

«Бальзак» — австриялық жазушы Стефан Цвейгтің өмірбаяндық танымал шығармаларының бірі.

Бұл кітапта әйгілі Оноре де Бальзактың дүниеге келген кезінен ақтық сәтіне дейінгі бейнетке толы өмірі, айналасынан көрген теперіштері және олардың жазушы шығармашылығына, оның әлемдік даңқ иеленуіне қалай әсер еткені суреттеледі. Сонымен бірге ұлы жазушының өзіне ғана тән мінез-құлқы, арман-қиялдары, құштарлық-құмарлықтары, жұмыс істеу ерекшеліктері өзара байланыста ашылады.

Мазмұны қызықты, айтар ойы салмақты бұл кітап әдебиетке құмар барша оқырманға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST