Әлем бойынша жеткізу

Ақиқат пен аңыз, Әзілхан Нұршайықов

4 900

Әзілхан Нұршайықов әуелде тек шағын мерекелік мақала дайындау мақсатымен Бауыржан Момышұлына жолыққан екен. Алайда бір сұрақтан екінші сұрақ туындап, бір әңгімеден келесі әңгімеге ұласып, нәтижесінде бұл кездесу тұтас романға айналыпты. Бұл туынды Момышұлының өз қаламынан туған «Ұшқан ұя» кітабының заңды жалғасындай. Қанмен дарыған ерлік, тәрбиемен сіңген даналық осы еңбектің өн бойынан анық сезіледі. Бауыржан Момышұлының мінезін, қайсар рухын, шындыққа деген адалдығын терең тануға мүмкіндік береді. «Өз-өзіңді жаттай көр, жат жанынан түңілсін» деген қанатты сөздің мәнін толық ұғыну үшін де бұл туындыны оқу аса маңызды. «Ақиқат пен аңыз» – тек батырдың ерлік жолын баяндап қана қоймай, оның өмірлік ұстанымдары мен ұлттық болмысын тереңінен ашатын шығарма.

SHARE

Сипаттамасы

Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы – көркемдік стильде жазылған, қазақ романдарының тарихында өзіндік айрықша орны бар туынды. Романда халқымыздың даңқты перзенті, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының тұлғасы шынайы әрі көркем бейнеленген. Шығарма сұхбат арқылы өріліп, батырдың өмір жолы, мінез-құлқы, ерлік істері мен адамгершілік ұстанымдары кеңінен ашылады.

Жауға деген өшпенділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті өз қол астындағы әрбір сарбаздың жүрегіне еккен Бауыржан Момышұлы хақында жазылған «Ақиқат пен аңыз» – ерлік пен елдікке деген тағзым, шындықты ардақтаған әр ұрпаққа аманат етілген рухани мұра.

Бұл роман барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST