Әлем бойынша жеткізу

Анна Каренина (екі кітап), Лев Толстой

7 900

Жазушының әйелі Софьяның күнделігіне қарағанда, Лев Толстой Пушкин жазған «Повести Белкинаны» қайта бір оқып шыққан соң, соның әсерімен «Анна Каренинаға» кіріскен. Ал ұлы Сергей Львович Толстой тағы бір қызық нәрсені жазады. Жазушы өмірінің сол кезеңінде неке деген түсініктің қаншалықты маңызды екені туралы көп толғанып жүреді екен. Романда айтқысы келгені де сол көрінеді. Ал шығарманы бастағанға дейін ағылшын романдарын көп оқып, арасында күліп, былай дегені бар екен: «Бұлар ғашықтардың үйленгенге дейінгі өмірін жазады да, романның соңында екеуін үйлендіріп бітіреді. Негізі, үйленгеннен кейінгі өмірді жазу керек».

SHARE

Сипаттамасы

Әлемнің назарына іліккен, қаншама ұрпақ ауысса да, әдебиет сүйер оқырманның, киногерлер мен театр майталмандарының қызығушылығын оятып келе жатқан бұл романды әркім әрқалай түсінеді. Біреу махаббат жайлы десе, енді біреу бақ пен сор туралы, ал енді біреулер адалдық пен опасыздық жайлы деп тұжырым жасап жатады.

Қазақ тіліне жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Ғали Орманов аударған. Біз сол аударманы бір сөзін өзгертпестен ұсынып отырмыз.

Кітап көпшілік әдебиет сүйер қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST