Әлем бойынша жеткізу

Алғашқы махаббат, Иван Тургенев

2 000

Егер де Тургеневтен бізге мұра болып осы үш хикаят қана қалды деп елестетсек, осының өзі жазушының есімі әлемдік әдебиеттің алтын қорынан ойып тұрып орын алуына жеткілікті болар еді. Адам жанының түпсіз тереңдігін шебер жеткізген бұл хикаяттар кез келген оқырманның қиялына қанат бітіріп, шынайы, мөлдір сезімдерімен бетпе-бет қалдырады.

Бұл кітапқа енген «Алғашқы махаббат» хикаятында жазушының өзі бозбала шағында басынан кешкен алапат сүйіспеншілік сезімі мен одан туған тартысты оқиғалар суреттеледі. «Ася» шығармасында басты кейіпкер – қарақапайым да сезімтал, «Тургенев сұлулары» образына сай Ася есімді 17 жасар бойжеткен мен 25 жасар жігіттің махаббат трагедиясы баяндалады. Ал «Бекет үйі» повесі адамгершілік асыл қасиеттер мен нәзік сезімнің парқына бармаған помещик Акимнің өмірі жайлы.

SHARE

Сипаттамасы

Қолыңыздағы кітапта көрнекті қаламгер И.С. Тургеневтің өзі «өлімнен де, өлімге деген қорқыныштан да күшті» деп атаған махаббат сезімі туралы үш хикаяты беріліп отыр. «Алғашқы махаббат» повесінде жазушының бозбала шағында басынан кешкен алапат сүйіспеншілік сезімі мен одан туған тартысты оқиғалар суреттеледі. «Ася» шығармасында басты кейіпкер қарапайым да сезімтал «Тургенев сұлулары» образына сай Ася есімді 17 жасар бойжеткен мен 25 жасар жігіттің махаббат трагедиясы баяндалады. Ал «Бекет үйі» повесі адамгершілік асыл қасиеттер мен нәзік сезімнің парқына бармаған помещик Акимнің өмірі жайлы. И. Тургеневтің бұл шығармалары оқырманның көңіл толқындарын тербетіп, сырлы сезімнің сиқырына бөлері анық.

Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST