Әлем бойынша жеткізу

Алтын Орда, Мұхтар Мағауин

5 500

«Алтын Орда» – заманымыздың классик қаламгері Мұхтар Мағауиннің ұмытылмас, таңғажайып тарихқа балаған, бүгінгі һәм келешек ұрпақтың тарихи санасына серпін берер толымды еңбегі!

Арыдағы Түрік қағанаттары, берідегі Шыңғыс хан империясы – Еке Моғұл ұлысынан соңғы дәуірде бүкіл дерлік Еуразия – Ертіс өзенінен Дунай дарияның атырауы мен Карпат тауларының етегіне дейінгі ұланғайыр алқапта орныққан Алтын Орда – адамзат тарихындағы ең ұлы мемлекеттердің бірі болды. Ұлылығы – байтақ иелігі, әскери қуатымен қатар, өз заманындағы аса жоғары мәдениеті мен заттық және рухани байлығында жатқан. Тума табиғатында Жошы ұлысы аталған осыншама ұлағатты мемлекет 1220 жылдан 1480 жылға дейін, яғни тұтас бір дәуір – екі жүз алпыс жыл бойы салтанат құрды.

Қолыңыздағы «Алтын Орда» – сол даңқты, рухты бабалар тарихының ақжолтай шежіресі.

SHARE

Сипаттамасы

Бастауы сонау он үшінші ғасырға барып тірелетін әйгілі Жошы ұлысының Алтын Орда империясы бүгінгі қазақ халқының айбынды тарихы екені даусыз. Әйткенмен, күні-бүгінге Алтын Орданың ақиқат, әрі толық шежіресі жазылып, таңбаға түспеген еді. Ол аз болғандай, отаршыл Орыс көзқарасы бойынша, бар тарихы бұрмаланып келген. Батыс ғылымындағы бірлі-жар зерттеулерді айтпасақ, тек советтік құрсаудан соңғы кезеңде ғана бұл тақырыпты шынайы, жан-жақты тануға жол ашылды. Осы орайда Жошы ұлысы – Ұлығ Ұлыстың ең басты, негізгі мұрагері – бүгінгі Қазақстан деп білсек, әйгілі жазушы, даңғайыр тарихшы Мұхтар Мағауиннің «Алтын Орда» кітабының мән-маңызы айқындала түспек.

Қолдарыңыздағы кітап – жаңа сөз, жаңаша көзқарас, әрі өткендегі олқының орнын толтырар, жан-жақты, терең толғау. Тарихын білмекке құштар барша оқырманға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST