Әлем бойынша жеткізу

Бас туралы хикая, Александр Беляев

2 400

Париж тұрғыны хирург дәрігер Керн адам басына жан бітіретін құпия эксперименттер жасап жүреді. Оның жеке емханасына көмекші болып кірген Мари Лоран мұндай таңғажайып жетістіктің бір шикілігі бар екенін сезеді. Сөйтсе, бұл ғылыми жаңалықтың иесі белгілі профессор Доуэль екен. Керн Доуэльдің «басын» пайдаланып, өзге бастарды тірілтуде екен.

Осылай басталған ғылыми-фантастикалық романның оқиғасы ары қарай шым-шытырық детективті сюжеттерге ұласады.

SHARE

Сипаттамасы

Осыдан бір ғасыр бұрын қағаз бетіне түскен қиялгер жазушы Александр Беляевтың «Бас туралы хикая» романы ғылыми-фантастикалық жанрға жататын туынды. Бұл романға ертегі-роман, арманшыл проза деп айдар таққан зерттеушілер де болған. Алайда, сол кезде таңғажайып қиялдай көрінетін кейбір дүниелер қазіргі медицинадағы қалыпты жағдайға айналды. Мәселен, адам ағзасының кейбір мүшелерін (бүйрек, өкпе т.б.) ауыстыру, жасанды мүшелер қою және т.б. Шытырман оқиғалы бұл хикая оқырманның өресіне тосын әсерлер сыйлап, қиялын шарықтатары сөзсіз.

Кітап көркем әдебиетті сүйетін жалпы оқырманға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST