Әлем бойынша жеткізу

Москва үшін шайқас, Бауыржан Момышұлы

3 500

«Москва үшін шайқас» романы — қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына жазылған алғашқы әскери мемуар. Шығарма авторы әрі оқиға ортасында жүрген басты кейіпкер Бауыржан Момышұлы: «Бұл жазбаларда мен өз тәжірибеммен бөлісіп қана қоймай, жіберген қателіктерім туралы да айтқым келді» деген екен. Бұл пікірі сертіне берік даңқты қолбасшының барлық шығармаларына тиесілі.

Қолыңыздағы кітапта өмір мен өлім арпалысқа түскен шиеленісті шақта оңды шешім қабылдаған қолбасшылар мен жауынгерлердің ерлігі, зұлматты соғыс көріністері шынайы да дәйекті оқиғалармен әрі көркем тілмен баяндалады

SHARE

Сипаттамасы

Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының қаламынан туған бұл роман түгелдей тарихи шындық пен нақты дәйекті оқиғаларға құрылған. Роман мазмұны Екінші дүние соғысының отын тұтатқан неміс басқыншыларына қарсы соғыста елін қорғаған ержүрек ерлер, соғыс зардабы, шабуыл мен қорғаныстың айла-тәсілдері, батырлық пен шешімталдық, туған жер, достық, сағыныш сынды құндылықтарды баяндайды. Аталған тарихи оқиғалардың бел ортасында автордың өзі болуы – шығарма құндылығын арттыра түседі.

Роман оқушылар мен жасөспірімдерге, шынайы оқиғаға құрылған көркем шығарма сүйер барша оқырманға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST