Әлем бойынша жеткізу

Крейсер сонатасы, Лев Толстой

1 700

Толстойдың осы бір ең аты шулы туындысы поезда келе жатқан бірнеше кісінің өзара әңгімесінен басталады. Олар махаббат, сезім, әйел құқығы, неке, отбасылық қарым-қатынас жайлы ерсілі-қарсылы тоқтаусыз әңгіме-дүкен құрып келеді. Содан сұхбаттың бір қызған тұсында жолаушылардың бірі өз әйелін өлтіргенін айтып қалады… Хикаяттың қалған бөлігінде әлгі бейбақ өзінің сол жағдайға қалай жеткенін тәптіштеп баяндап береді.

SHARE

Сипаттамасы

«Крейцер сонатасы» – Лев Толстой шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік хикаяттарының бірі. «Жанжал тудырғыш сипаты» үшін алғашқыда цензурамен тыйым салынған повесте отбасылық қарым-қатынас, махаббат пен ғадауат, тәкаппарлық пен қызғаныштың адамды қанды қылмысқа итермелей алатын жойқын күші туралы баяндалады.

Махаббат пен адамгершілік жайлы мәңгілік сұрақтарға жауап іздейтін, көп қырлы адам психологиясын айшықты суреттейтін бұл хикаят қай дәуірде оқылса да, оқырманның көңілінде қайшылықты сезімдердің дауылын тудыра алатыны анық.

Кітап барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST