Әлем бойынша жеткізу

Әлемді 80 күнде шарлау, Жюль Верн

2 500

XIX ғасырдың орта шенінде көліктер жылдам әрі қолжетімді бола бастады. Сол себепті адамзаттың алыс елдерге саяхаттауға деген желігі арта түсті. Ал ешқайда бара алмайтындар үшін әдебиет әлемі саяхаттың таптырмас мүмкіндігі еді. Әлемнің экзотикалық елдеріне, тіпті ғарышқа қайталанбастай шытырман оқиғалы сапар шектірер шығармаларымен оқырманның жүрегін жаулап алғандардың бірі де бірегейі Жюль Верн болды.

Қолыңыздағы кітапта баяндалатын Филеас Фогг пен Паспартудың 80 күнге жоспарланған тартысты саяхатын таңданбай оқу мүмкін емес. Бұл романдағы уақыт пен қашықтыққа жасалған болжам өзінің дәлдігімен ерекшеленеді. Шығарманың оқиғасымен шабыттанған 22 жасар америкалық журналист қыз Нелли Блай 1889 жылы Жюль Верн сызған бағдармен Жер шарын 72 күнде айналып шықты. Тіпті жолай жазушының өзінен сұхбат алып та үлгерді.

SHARE

Сипаттамасы

«Әлемді 80 күнде шарлау» – әйгілі француз жазушысы Жюль Верннің шытырман оқиғалы романы. Басты кейіпкер – ерек мінезді, өнертапқыш ағылшын азаматы Филеас Фогг жер шарын 80 күнде айналып өтуге бәстесіп, тәуекелді сапарға аттанады. Уәдесін орындай алмаса, банкрот болғалы тұрған Фогг пен адал қызметшісі Паспартудың төрт құрлық пен үш мұхитты кезіп өтуі тиіс шытырман оқиғалы сапары немен аяқталатынын білгіңіз келсе, қолыңыздағы кітаппен бірге әлемді шарлап шығуға кеңес береміз.

Кітап балалар мен барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST